ALTEL - Сіздің бизнесіңіздің сенімді шешімі

2010 жылы «ALTEL» республикада алғаш рет 3G интернетін енгізді, ал 2012 жылы ALTEL 4G сауда белгісімен Қазақстанда LTE технологиясын алғаш рет коммерциялық пайдалануға енгізді. 2014 жылдың 15 мамырында «ALTEL» компаниясы инновациялық LTE/GSM/UMTS желісін енгізгені туралы хабарлады. Ол смартфонда LTE технологиясы бойынша жоғары жылдамдықта деректерді жіберу қызметін пайдалануға мүмкіндік береді, қоңыраулар автоматты түрде GSM/UMTS желісіне беріледі.

Озық технологиялар мен жабдықтармен негізделген, мультитехнологиялық желі бірқатар инновациялық функциялар мен қосымшаларды пайдалануға мүмкіндік береді. ALTEL-дің GSM/UMTS желісінің барлық қамту аймағында абоненттерге «HD-voice» технологиясы қолжетімді. Құрылған желі техникалық көзқарас жағынан VoLTE технологиясы бойынша LTE технологиясынан тыс дауысты қызметтерді көрсетуге әзірленген және келесі қадам - 4-ші буындағы - LTE Advanced желісін дамытуды жүзеге асыру болып табылады.

900
елдімекендер
11.7
млн. адам
6.5
млн. абоненттер

2016 жылы инноватордың жоғары мәртебесін қолдай отырып, ALTEL 4G LTE желісін бүкіл ел бойынша кеңінен қолданатын алғашқы қазақстандық оператор болды, осылайша бүкіл Қазақстан бойынша 4G желісін кеңінен қамту. Бүгінгі таңда 4G LTE жылдамдығы жоғары Интернет қызметі 11,7 миллионнан астам адамнан тұратын 900-ден астам елді мекендер үшін қол жетімді.

Біз тұрақты түрде алға жылжудамыз: бар қызметтерді жетілдірудеміз және нарықта кеңейтілген қызметтерді ұсынамыз, бұл біздің клиенттерімізге өз бизнесінің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Біздің клиенттеріміздің арасында шағын, орта және ірі кәсіпорындар, сондай-ақ көпұлтты компаниялар мен корпорациялар бизнестің қазіргі қажеттіліктері үшін өз шешімдерімізді пайдаланып жатыр.