Электрондық тізілім - нөмірлер бойынша Сіздің төлеміңізді автоматты түрде тіркеу сервисі

«Электрондық тізілімді толтыруға арналған нұсқаулық»:

Өз ұйымыңыз туралы деректерді электрондық тізілім нысанында енгізіңіз.

«Тізілімде» төлеміңізді тіркеу үшін нөмірлер мен сомаларды қолмен енгізіңіз немесе деректері бар толтырылған файлды жүктеңіз (нөмір-сома пішімінде).

«Тізілім» үлгісін xls, xlsx немесе txt пішімінде жүктеп алыңыз.

Электрондық тізілім пішімінде «жалпы сома» алаңы – «тізілім» толтырылғаннан кейін автоматты түрде есептеледі.

Назар аударыңыз – тізілімдегі төлемнің «жалпы сомасы» іс жүзіндегі төлеммен сәйкес келуі тиіс.

Егер жабдық үшін төлем болса, түсіндірме қалдырыңыз.

Сомалар нөмірлерге түсуі үшін «жіберу» түймешігін басыңыз.

Назар аударыңыз! Нөмірлерге төлемдер – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, төлем алынған сәттен бастап 24 сағаттың ішінде келіп түседі.

Егер алаңдар дұрыс толтырылмаса және/немесе тізілімдегі «жалпы сома» іс жүзіндегі төлеммен сәйкес келмейтін болса, сіздің төлеміңіз тіркелмейді.

Егер төлем 36 сағаттың ішінде нөмірлеріңізге келіп түспесе, 8 (727) 355-00-33 телефоны немесе 636 мобильді нөмірі арқылы (ALTEL немесе Tele2 ұялы нөмірінен қоңырау шалу – тегін) бізге жүгінуіңізді сұраймыз.

Тіркеу үлгісін форматта жүктеңіз: xls, xlsx, шаблон реестраtxt

Тіркелімді толтырыңыз

«Төлем шоты» - төлеуші ақша қаражаттарын төлеуді жүзеге асыратын алушының төлем деректемелері бар қосалқы құжат болып табылады.:

Төлемдер алынған сәттен бастап 24 сағат ішінде демалыс және мереке күндерін қоспағанда таратылады және есептеледі.

Төлем жасалғаннан кейін төлем нөмірлерге жетуі үшін веб-сайтында

төлемдер тізілімін пайдаланыңыз. Сіз өзіңіздің нөмірлеріңіздің толық тізімін корпоративтік топтың парағынан «Есепті жүктеу» түймесін басу арқылы жүктей аласыз.

Жабдықтар мен байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін шот-фактура бөлек жасалады.

Егер сізде әлі де сұрақтарыңыз болса, corp@tele2.kz мекен-жайына электронды пошта арқылы жеке қызметпен байланысыңыз.

Егер төлемнің мөлшері өзгермейтін (әр ай сайын қайталанатын) болса, онда Сіздің электрондық поштаңызға «төлем шотын» автоматты түрде ай сайын жіберуді баптау үшін corp@tele2.kz корпоративтік поштасына хат жібере отырып немесе ALTEL/Tele2 мобильді нөмірінен 8 (727) 355-00-33 немесе 636 телефондарына қоңырау шала отырып Дербес сервис қызметіне жүгінуіңізді сұраймыз.

Білгеніңіз маңызды:

Сіздің төлеміңізді уақытылы тіркеу үшін Электрондық тізілім қосымша бетіндегі деректерді толтыруыңызды сұраймыз, Сіздің төлеміңіз тіркеліп, нөмірлерге есептеледі.

Егер сұрақтарыңыз болса, Сізге көмектесуге әрқашан дайынбыз.

Дербес сервис қызметінің байланыстары:
Email - corp@tele2.kz
қалалық нөмір 8 (727) 355-00-33 немесе мобильді нөмір 636 (ALTEL немесе Tele2 ұялы нөмірінен қоңырау шалу – тегін).
Біз таңғы сағат 9:00-ден бастап, кешкі сағат 20:00-ге дейін Сізге қызмет етуге дайынбыз.

Қызмет түрін таңдаңыз: