Электрондық тізілім - нөмірлер бойынша Сіздің төлеміңізді автоматты түрде тіркеу сервисі

«Электрондық тізілімді толтыруға арналған нұсқаулық»:

Өз ұйымыңыз туралы деректерді электрондық тізілім нысанында енгізіңіз.

«Тізілімде» төлеміңізді тіркеу үшін нөмірлер мен сомаларды қолмен енгізіңіз немесе деректері бар толтырылған файлды жүктеңіз (нөмір-сома пішімінде).

«Тізілім» үлгісін xls, xlsx немесе txt пішімінде жүктеп алыңыз.

Электрондық тізілім пішімінде «жалпы сома» алаңы – «тізілім» толтырылғаннан кейін автоматты түрде есептеледі.

Назар аударыңыз – тізілімдегі төлемнің «жалпы сомасы» іс жүзіндегі төлеммен сәйкес келуі тиіс.

Егер жабдық үшін төлем болса, түсіндірме қалдырыңыз.

Сомалар нөмірлерге түсуі үшін «жіберу» түймешігін басыңыз.

Назар аударыңыз! Нөмірлерге төлемдер – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, төлем алынған сәттен бастап 24 сағаттың ішінде келіп түседі.

Егер алаңдар дұрыс толтырылмаса және/немесе тізілімдегі «жалпы сома» іс жүзіндегі төлеммен сәйкес келмейтін болса, сіздің төлеміңіз тіркелмейді.

Егер төлем 36 сағаттың ішінде нөмірлеріңізге келіп түспесе, 8 (727) 355-00-33 телефоны немесе 636 мобильді нөмірі арқылы (ALTEL немесе Tele2 ұялы нөмірінен қоңырау шалу – тегін) бізге жүгінуіңізді сұраймыз.

Тіркеу үлгісін форматта жүктеңіз: xls, xlsx, шаблон реестраtxt

Тіркелімді толтырыңыз

«Төлем шоты» - төлеуші ақша қаражаттарын төлеуді жүзеге асыратын алушының төлем деректемелері бар қосалқы құжат болып табылады.:

«Төлем шотын» қалыптастыру үшін нысанды толтырыңыз және «жүктеп алу» түймешігін басыңыз.
«Төлем шотын» өз компьютеріңізге pdf-пішімінде сақтап, оны басып шығарыңыз, бұл ретте бағдарламаның өзі төлеу үшін қажетті алаңдар мен төлем деректемелерінің барлығын толтырады.
*егер сіз жеке кабинетте авторландырылған болсаңыз, алаңдардың бір бөлігі автоматты түрде толтырылады.

Егер төлемнің мөлшері өзгермейтін (әр ай сайын қайталанатын) болса, онда Сіздің электрондық поштаңызға «төлем шотын» автоматты түрде ай сайын жіберуді баптау үшін corp@tele2.kz корпоративтік поштасына хат жібере отырып немесе ALTEL/Tele2 мобильді нөмірінен 8 (727) 355-00-33 немесе 636 телефондарына қоңырау шала отырып Дербес сервис қызметіне жүгінуіңізді сұраймыз.

Білгеніңіз маңызды:

Сіздің төлеміңізді уақытылы тіркеу үшін Электрондық тізілім қосымша бетіндегі деректерді толтыруыңызды сұраймыз, Сіздің төлеміңіз тіркеліп, нөмірлерге есептеледі.

Егер сұрақтарыңыз болса, Сізге көмектесуге әрқашан дайынбыз.

Дербес сервис қызметінің байланыстары:
Email - corp@tele2.kz
қалалық нөмір 8 (727) 355-00-33 немесе мобильді нөмір 636 (ALTEL немесе Tele2 ұялы нөмірінен қоңырау шалу – тегін).
Біз таңғы сағат 9:00-ден бастап, кешкі сағат 20:00-ге дейін Сізге қызмет етуге дайынбыз.

Қызмет түрін таңдаңыз: