*127*1# – нөмірді тіркеу куәлігі
*127*2# – SIM картасының нөмірін тексеру
636 – корпоративтік қоңырау орталығы. Altel/Tele2 ұялы нөмірінен (тегін).
8 (727) 330-58-58 –қала нөмірінен (тегін Алматы қаласы бойынша, өңірлер бойынша теңге бағасына сәйкес)
515 — SIM картасын белсендіру
800 — Интернет параметрлері туралы ақпарат
147 — Интернет-топтамаларды қосу
530 — баланс туралы дауыстық анықтама
503 — төлем карталарын белсендіру
504 — өзіңіздің тарифтік жоспарыңызды біліп, басқа тарифтік жоспарларға ауысыңыз
506 — SIM картаны қалпына келтіру / SIM картаны ауыстыру туралы анықтама
507 — төлеудің ықтимал әдістері туралы ақпарат
509 — Tele2 кеңселерінің мекен-жайлары
510 — жайлы байланыс қызметтері туралы ақпарат
520 — қате төлем туралы анықтама
550 — қызмет қосымшасының тілін өзгерту
617 — "Свяжись с миром" қызметі туралы ақпарат
626 — "Новый номер" қызметі туралы ақпарат
688 — роуминг туралы ақпарат
*1*77х 7ххххххх – "Маска" қызметi
0770 – "Tele2 Радио" және "Tele2 Знакомства" қызметтерi
0550 – "Гудок" қызметi
*111# – баланс туралы ақпарат
*120# – нөміріңізді біліңіз
*121# – сіздің жоспарыңызды біліңіз
*123*1*3# – интернет-трафикті және бонустарды тексеру
*179# – қосылған қызметтер тізімін тексеру
*147# – интернет-пакеттер туралы ақпарат
*144* [сұрау жіберілген абоненттің нөмірі] # – маяк
*143* [сұрау жіберілген абоненттің нөмірі] # – менің есебімді толтырыңыз
*31* [нөмірге қоңырау шалу] – жасырын нөмірден қоңырау шалу
*117*1# – жасырын нөмірлердің идентификаторы
*124*1# – қоңырауды күту
*43# – қоңырауды ұстап тұру
*123# – Tele2 Гид
Тариф туралы ақпаратты Жеке кабинетіңізден немесе *121# тегін пәрменін теру арқылы білуге болады.
Тарифті ауыстыру үшін Сіз corp@altel.kz пошта мекенжайына тарифтік жоспарды тегін ауыстыру туралы өтініш жіберуіңіз керек.
Авторизация парақшасын ашыңыз, парольді, телефон нөміріңізді енгізіңіз де "Кіру" батырмасын басыңыз. Нөмірді енгізгенде сегізді термеңіз, мысалы «747 YYY-YY-YY».
Егер шотыңызда қаражатыңыз таусылып, нөмір бұғатталса, онда теңгеріміңізді толтырыңыз. Нөмір қарыз төленген соң ғана іске қосылады. Егер Сіз нөміріңізді 180 күннен астам уақыт пайдаланбасаңыз, ол бұғатқа қойылуы мүмкін. Нөмірді қайта қалпына келтіру үшінжақын жердегі салонға баруыңыз керек. Егер нөмір сол уақыт ішінде басқа абонентке берілген болса, сіз бұрынға нөмірі берілген жаңа SIM-карта аласыз.
Егер нөмір SIM-карта жоғалған соң бұғатталған болса, сіз жақын жердегі салонға барып, бұрынғы нөмірі бар жаңа SIM-картаны тегін аласыз.
Егер сіз жеке кабинетіңіз арқылы нөміріңізді бұғатқа қойсаңыз, онда Сіз Жеке кабинетіңіз арқылы өздігіңізден немесе жақын жердегі салонға басшының/уәкілетті тұлғаның қолы қойылған өтінішпен келіп, бұғаттан шығара аласыз.
Иә. Жеке кабинет кез келген теңгерімде жұмыс жасай береді.
1. Теңгерімді тексеріңіз, қажет болған жағдайда оны толтырыңыз. Теңгерімді тексеру үшін *111# пәрменін басыңыз немесе Жеке кабинетке кіріңіз. 2. Трафиктің қалдығын *123*1*3# пәрменін тегін теру арқылы тексере аласыз.
Мобильді интернет жылдамдығының көрсеткіштері:
Желі түрі | 2G | 3G | 4G+ |
Беру жылдамдығы | 384 Кбит/с дейін | 21,6 Мбит/с дейін | 300 Мбит/с* дейін* |
Үлгілері | GPRS, EDGE | HSPA (HSDPA+HSUPA) | LTE |
* 4G+ желісіндегі жүктеудің орташа жылдамдығы — 20 Мбит/с. Жүктеудің ең жоғары жылдамдығы 300 Мбит/с дейін жетеді.
Жылдамдыққа әсер ететін факторлар:
Нақты жылдамдығы арнаның жұмысбастылығына, қамту сапасына, табиғи-климатикалық жағдайға, көрші үйлерді құрылыстардың болуына, дереккөзден қабылдау/таратудың максималды жылдамдығына, қабылдау-тарату құрылғыларға, жоғарывольтты желілерге және т.б. байланысты анықталады.
Бірінші кезекте 4G+ қамту аймағына аймақтық орталықтар мен ірі қалалар кіреді. 4G+ модульдері алдымен қаланың жанданған аймақтарында, көбіне орталықта пайда болады. Егер сіздің қалаңызда 4G болса, онда 4G+ таяуда пайда болуы мүмкін. Сіздің қалаңыздың қамту картасын қараңыз
Жеке кабинетке кіру парақшасын ашыңыз, телефон нөміріңізді, парольді енгізіңіз және "Кіру" батырмасын басыңыз.
Қауіпсіздік сертификаты – бұл шифрлейтін хаттамалардан тұратын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлік символдар жиынтығы. Сертификат қазақстандық Интернет желісінің пайдаланушыларын ҚР заңнамасы тыйым салған заңсыз контенттен «нүктелеп» қорғауға мүмкіндік береді.
Бұл қауіпсіздік сертификаты Қазақстанда әзірленген және ақпараттық жүйелер мен деректерді қорғау саласындағы өкілетті мемлекеттік органмен ұсынылған
Қауіпсіздік сертификаты ҚР заңнамасының талабы бойынша орнатылуы тиіс. «Байланыс туралы» ҚР Заңының «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану ережелеріне» сәйкес байланыс операторлары байланыс қызметін көрсету шарттары жасалған абоненттерінің арасында қауіпсіздік сертификатының таралуын қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік сертификаты смартфон, планшет, модем, роутер, смарт-сағат және ұялы оператордың сим-картасы бар барлық құрылғыларға орнатылуы тиіс.
Абоненттік құрылғыларда қауіпсіздік сертификаты болмаған жағдайда жекелеген Интернет-ресурстарға қолжетімділікке қатысты техникалық шектеулер қойылуы мүмкін.
Тексеру үшін http://check.qca.kz сайтына өтуіңіз керек
Кері байланыс